Главная страница
qrcode

1. Глоссалгияны этиологиясы, патогенезі, жіктелуі. Глоссалгия


Скачать 19.65 Kb.
Название1. Глоссалгияны этиологиясы, патогенезі, жіктелуі. Глоссалгия
Дата03.09.2020
Размер19.65 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГлоссалгия.docx
ТипДокументы
#90015
Каталог

1. Глоссалгияның этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.

Глоссалгия - ауыз қуысы кілегей қабығында және тілде дамитын әр түрлі ауру сезімдері мен сезімталдықтың ауытқуларынан тұратын симптомдар кешені.

Алғаш рет 1838 жылы Weisse сипаттап жазған.

Эпидемиологиясы: жиі орта және егде жастағы әйел адамдарда кездеседі.

Этиологиясы

Жергілікті факторлар

ауыз қуысы кілегейлі қабығының бұзылған тістердің үшкір қырлары

сапасыз жасалған протездер зақымы

емдеу шаралары кезіндегі жарақаттар

окклюзиялық биіктіктің төмендеуі

пломба ақаулары

гальванизм

аллергиялық реакциялар


Жалпы факторлар

АІЖ аурулары

эндокрин жүйесінің аурулары

жүрек-қантамыр жүйесі аурулары

гипо және авитаминоздар

невроздар

созылмалы аурулардың өршуі


Патогенезі

Орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, қантамыр тонусының өзгеруі, капилярларда қан айналым бұзылуы, ауыз қуысы тіндерінде зат алмасу бұзылыстары, биологиялық белсенді заттар деңгейінің өзгеруі.
2. Глоссалгиядағы парестезия түрлері

Классификациясы

Е.С.Яворская (1972, 1976) алғашқы парестезиялық белгілердің орналасу аймағына байланысты

1. мандибулярлық - дизестезиялық және парестезиялық белгілер тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің кілегейлі қабығында, төменгі жақсүйек қызыл иегінде, ұртта және еріндерде орналасады.

2. максиллярлық - ыңғайсыздық сезімдер жоғарғы жақсүйек қызыл иегінде, қатты таңдайда, көз асты аймағында орналасады.

3. мандибуломаксиллярлық - парестезиялық сезімдер еріндер, жоғарғы және төменгі жақсүйек қызыл иектерінің алдыңғы аймақтарында пайда болып, біртіндеп ауыз қуысының артқы бөлігіндегі кілегей қабыққа жайылады.

4. алдыңғы париетальді - парестезиялық сезімдер маңдай, қабақ, шықшыт буыны терісінде пайда болады.

5. глоссофарингеальдық - парестезиялық сезімдер тілде, жұтқыншақта, көмейде пайда болады.

6. окципитальдық - парестезиялық сезімдер 1-11 мойын сегменттерінің нервтендіру аймағында орналасқан.
Парестезиялық белгілердің жиі орналасу аймағына байланысты түрлері

1. мукозды түрі - парестезиялық сезімдер мойын бөлігінде орналасады

2. дерматомукозды түрі - парестезиялық сезімдер жоғарыда аталған жерлермен қосып, бет және желке терісінде орналасады.
3. Парестезиялардың пайда болу механизмі

Орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, қантамыр тонусының өзгеруі, капилярларда қан айналым бұзылуы, ауыз қуысы тіндерінде зат алмасу бұзылыстары, биологиялық белсенді заттар деңгейінің өзгеруі.

Парестезиясы айқан науқастарда реактивті қобалжу жоғары деңгейде болады. Осыған байланысты нейромедиаторлы үйлесімділік дезорганизацияға ұшырайды. Нәтижесінде перифериялық жүйелерді тітіркендіру клиникалық симптомның пайда болуына алып келеді.
4. Глоссалгиясы бар науқасты тексеруді жоспарлау.

I. Науқасты сұрап тексеру

Науқастың шағымын сұрау: парестезиялық белгілер анықталады.

Науқастың өмір анамнезін толық жинау: науқаста қосымша аурулар болады. Әсіресе нерв жүйесінің ауытқулары жиі кездеседі. Көбінесе орта және егде жастағы әйелдерде кездеседі.

Науқастың ауру анамнезін толық жинау

II. Науқасты қарап тексеру

III. Қосымша зерттеу әдістерін қолдану

Басқа мамандар консультациясы – невропатолог, эндокринолог, терапевт кеңесіне жіберу.

Капилляроскопия жүргізу

Тілдің функционалды мобильділігін зерттеу


5. Глоссалгияның клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы.


Науқастың шағымы

Жоғары температура әсерінен күю сезімі, ащы бұрыш пайдаланғандағы дуылдау, жыбырлау, дененің түршігуі.

Ыңғайсыздық, ауырлық, ісіну, шаншып және сыздап ауыру сезімдері болады.


Клиникасы

Парестезиялық белгілер тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің кілегей қабығында, кейде тілдің барлық бетінде орналасады.

Парестезиялық белгілер деңгейі әртүрлі, таңертең басталып, түнге қарай күшейеді, тек тамақ қабылдаған кезде басылып отырады.

Канцерофобия.


Қосымша зерттеу

1. Капилляроскопия - тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде қан айналым баяулаған, кейде тоқтаған. Капияллярлар төңірегінде қан құйылу анықталады.

2. Функционалды мобильділік - дәм сезу рецепторларының функционалды қабылдағыштығы (мобильділігі) төмендеген.

3. Электроэнцефалография - альфа-белсенділігінің десинхронизациялануы және дезорганизациялануын көрсететін өзгерістер.


Дифференциалды диагностика

1. Үшкіл нерв невралгиясы - ұзаққа созылатын, жиі рецидив беретін, үшкіл нерв орналасуына сәйкес аймақтардың қатты ауыру сезімі болады. Ауыру сезімінің триггерлік механизмі сақталады.

Курковая зона тиген уақытта ауыру сезімі басталады.

Ауыру сезімі кезінде бет терісі қызарады немесе бозғылттанады, көзден жас ағу, беттің мимикалық бұлшық еттерінің тырысуы байқалады.

2. Гальванизм - ауыз қуысында әр түрлі металдардан жасалған тіс протездері анықталады. Протездерді ауыстырған кезде парестезиялық белгілер басылады.

3. Костен синдромы - парестезиялық өзгерістермен қатар тістемнің төмендеуі, құлақта шу пайда болып, нашар есту, шықшыт буынында сыртылдау анықталады.

4. Созылмалы ауыз қуысы кандидозы - ауыз қуысында тамақ қабылдағанда ысып-күю сезімі күшейеді. Бактериоскопия кезінде Candida саңырауқұлақтары көп мөлшерде анықталады.

5. Мойын омыртқаларының остеохондрозы

6. Глоссалгияны емдеу.

Жалпы ем

1. Негізгі ауруларды емдеу

2. Транквилизаторлар

диазепам 0,005 г 1/2-1 таблеткадан күніне 1-2 рет №1-1,5 ай

феназепам 0,0005 г 1/2-1 таблеткадан күніне 1-2 рет №1-1,5 ай

3. Антидепрессанттар

амитриптилин 0,025 г 1/2-1 таблеткадан күніне 1 рет №1-1,5 ай

азефан 0,025 г1/2-1 таблеткадан күніне 1 рет №1-1,5 ай

4. Вегето-қантамырлық дистонияны емдеу

белласпон, беллоид, беллатаминал 1 таблеткадан күніне 1 рет №1 ай

5. Қан тамырларды кеңейтетін дәрілер

но-шпа, никотин қышқылы, никотинамид

6. Мидағы және жергілікті қан айналымды жақсартатын препараттар

циннаризин, кавинтон, пирацетам, стугерон, трентал, мидокалм

7. Вегетотропты препараттар

холинолитиктер - белласпон, беллоид, платифиллин

8. Антихолинэстеразды препараттар

галантамин

9. Ганглиоблокаторлар

ганглерон, бензогексоний

10. Антигистаминдік препараттар

фенкарол, димедрол, супрастин, тавегил

11. Витаминотерапия

тамин, рибофлавин, пиридоксин, цианокобаламин, аскорбин қышқылы парентеральді

токоверол, ретинол ацетаты ішке қабылдау


Жергілікті ем

1. Ауыз қуысының санациясы

2. Тіл нервісіне блокада жүргізу

новокаин немесе тримекаин ерітінділерін 0,5%-1% 2 мл тілдің түбіріне жақын кілегей қабық астына күніне 1 рет

3. Жансыздандыру

4. Ауыз қуысының құрғауы

йодты калий ерітіндісін күніне 1 ас қасықтан 3 рет сүтке қосып ішу №10-14

пилокарпин 1% ерітіндісін 3-4 тамшыдан күніне 3 рет №10-14


Физиотерапиялық ем

1. Ультрадыбыспен емдеу

2. Басты және мойынның жағалық белдеуіні массаж

3. Жоғарғы моцын симптоматикалық түйіндерін гальванизациясы

4. Флюктуоризация

5. Лазер сәулесін қолдану

6. Инелік рефлексотерапия
7. Емдеу нәтижелері, болжам, канцерофобияның алдын алу.

Болжамы – қолайлы. Еңбек және демалыс режимін сақтау, дәрігер-стоматолог қараауына жылына 2 рет келіп отыру.

Канцерофобияны алдын алу

Аурудың себебін, клиникасын, емдеу ретін және мүмкін нәтижесін науқасқа мұқият түсіндіру

Суггестивті терапия және психотерапия жүргізу

перейти в каталог файлов


связь с админом