Главная страница
qrcode

13-ТАКЫРЫП АДИСТЕМЕ ЖАНЕЛЬ. ожа ахмет ясауи атындары халы аралы аза -Т рік университеті стоматология факультеті терапиялы Ж не ортопедиялы стоматология кафедрасы орында АН ташева жанель


Скачать 27.27 Kb.
Названиеожа ахмет ясауи атындары халы аралы аза -Т рік университеті стоматология факультеті терапиялы Ж не ортопедиялы стоматология кафедрасы орында АН ташева жанель
Дата01.05.2020
Размер27.27 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла13-ТАКЫРЫП АДИСТЕМЕ ЖАНЕЛЬ.docx
ТипДокументы
#86324
Каталог

Ф-ОБ-012/062


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТЕРАПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ОРЫНДАҒАН:ТАШЕВА ЖАНЕЛЬ

4.Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1.ВОЗ- 9 қайта қарау бойынша тіс жегі жіктемесі (топографиялық, анатомиялық, орналасуы бойынша, ағымы, зақымдану интенсивтілігі бойынша)

1.Тісжегінің жіктелуі

Белсенділік дәрежесіне байланысты:

Компенсирленген

Субкомпенсирленген

Декомпенсирленген

2. Орналасу ерекшелігіне байланысты:

 а) сызатта орналасқан тісжегі (фиссурлық)

б) жанасу бетіндегі тісжегі (апроксималды)

в) тіс мойынында орналасқан г) мойнын орай орналасқан (циркулярлы)

3. Тіс тіндерінің жарақаттануы бойынша:

 а) кіреуке тісжегі

б) дентин тісжегі

в) цемент тісжегісі.

4. Аурудың даму жолдарына байланысты

а) жедел дамитын тісжегі

б) баяу дамитын тісжегі

в) үдемелі, дамуы тоқтап қалған тісжегі

5. Тіс ұлпасы мен периодонт жарақаттануына байланысты

а) асқынбаған тісжегі

б) асқынған тісжегі

6.Тереңдігіне байланысты:

Бастапқы

Беткей

Орташа

Терең

7.Дамуына байланысты:

Біріншілік

Екіншілік немесе рецидив

8.Патоморфологиялық өзгеруі

Дақты кезең (ақ дақ, сұр дақ,ақшыл қоңыр,қоңыр, қара дақ)

Кіреуке тісжегісі (беткей тісжегі)

Орташа

Тереңдігі орташа

Терең перфоративті.

2.Бастапқы тіс жегінің патологиялық анатомиясы

Дақ пайда болуы сатысы. Эмальдың беткей зақымдалуын көрсетеді. Бұл сатыда тісжегімен күресу оңай. Тіс эмалында дақ пайда болады. Бұл кезде тіс эмалы енді зақымдала бастайды және оның беткейі тегіс және жазық болады. Дақтың пайда болуы эмаль арқылы минералды тұздарды жоғалтумен байланысты болады.

Tic жегінің дақ кезеңінде кіреуке призмаларындағы бейорганикалық заттар деминерализациялана бастайды, яғни бейорганикалық заттар кіреукеден шайыла бастайды. Демек осы жағдайға дейін алдын қатты тіндердің дисминерализациясы болған. Дисминерализацияға жоғарыда айтып кеткен көп жағдайлар себеп болады. Аурудың клиникасы анық болмағандықтан, науқастар онша көңіл бөлмейді. Олар кездейсоқ тістің түсі өзгеруіне, не дәрігерлік тексеру кезінде анықталуы мүмкін. Мұнда тісте ақ қырау шалғандай, күнгірттенген кіреуке ошағы көрінеді.

3.Бастапқы тіс жегінің клиникалық сипаттамасы

Дақ сатысындағы симптомдар:Симптомсыз, ауырсыну болмайды, науқас ешқандай шағым білдірмейді. Қарау кезінде дақ көрінбейді. Кей кезде химиялық заттарға жоғары сезімталдық байқалады – қышқыл, тұзды және басқа заттарға. Дақ қоңыр түске ауысқан кезде көзге көрінетін бола бастайды.

4.Бастапқы тіс жегінің диагностикасы

Шұқып көргенде ауырмайды, беткейде шамалы бүдырлық сезінгендей болады. Люминицентті тексерулер кезінде ошақты көру-ге болады. Бояғыш затгармен бояғанда ошақ шекарасы анық байқалады. Үрдіс тез өрши бастағанда, тісте қышқыл тағамдары қабылдағанда қамасу болады. Рентгенде өзгеріс болмайды. Салыстырма нақтамалау гипоплазия мен флюороздан ажыратылады.

5.Бастапқы тіс жегінің ажырату диагностикасы

Салыстырмалы диагностикасы: флюороздан(эндемиялы), кіреуке гипоплазиясынан, беткей кариестен ажыратады.

Салыстырма нақтамасында гипоплазиямен жасауға болады. (Гипоплазия) - тістердің және тіс тіндерінің шала жетілуінен келіп шығады. Ауыр түріне ( аплазия) жатады. Клиникасына қарай - кіреукенің түсі өзгерген ( дақ түрі) , тістің қатты тіндерінің құрылысы өзгерген ( толқын сияқты, кесе тәрізді , науа тәрізді ), кіреукенің жұқаруы сияқты белгілермен салыстырма нақтама жасаймыз.

Салыстырма нақтамада флюрозбен салыстырамыз мұнда тұрақты тістер көп бұзылады. Тісте әр түрлі үлкендікте дақ болады. Және түрлі формаларда болады, ойықты формасы кезінде бор тәрізді дистрофия мен кіреуке пигментациясы қатты айқындалады.

Салыстырма нақтама беткей кариеспен жасауға болады. Тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте құыстың пайда болуы. Орта тіс жегіде мысалы тісжегі эмаль мен дентинге таралады. Тісжегі аумағы туындайды. Терең тңсжегіже болса патологиялық процесс пульпаға дейін жетеді.

6.Бастапқы тіс жегінің емі

Реминерализация процедурасы арқылы толықтай бұл формалы тісжегіні емдеуге болады. Тіс өңезін алады, кейін зақымдалған тістерге реминерализирлеуші дәрілік заттар жағылады.

7.Реминерализдеуші терапия, заттар, құрамы, қасиеті

Реминерализдеуші дәрілік заттар:
кальций глюконат ерітіндісі (10%)
«Ремодент» ерітіндісі (1 – 3%)
натрий фторид еретіндісі (2 – 4%)
Реминерализдеуші ерітіндіні тіс беткейіне апликация немесе электрофорез арқылы жағады

8.Эмальды Леус боровский бойынша қалпына келтіру әдісі

Е.В. Боровский және П.А.Леус (1972) кальций глюконаты мен натрий фторидін қолдану арқылы тіс кариесінің алғашқы көріністерінің алдын алу және емдеу әдісін ұсынды. Алдын алу сеансына дейін пациенттер тістерін гигиеналық пастамен 2-3 минут тазалайды. Содан кейін тістерді 10% кальций глюконатының ерітіндісімен суланған мақта тампонымен жабады. Қолдану 3-5 минутқа созылады. Глюконатты қолдану аяқталғаннан кейін процедураның екінші кезеңі жүзеге асырылады: тістер 1-2 минут ішінде 2% натрий фторидінің ерітіндісімен суланған валиктермен жабылады.

«Боровский-Леус» әдісі ерітінділердің жиынтығынан тұрады: 15 минуттық (3 рет 5 минут) 10% кальций глюконатының ерітіндісімен, содан кейін 2% натрий фторидінің ерітіндісімен 3 минут ішінде қолданылады. Алдын алу курсында жылына 2 рет 10-15 процедура қарастырылған.


перейти в каталог файлов


связь с админом