Главная страница
qrcode

18-такырып АДИСТЕМЕ ЖАНЕЛЬ. ожа ахмет ясауи атындары халы аралы аза -Т рік университеті стоматология факультеті терапиялы Ж не ортопедиялы стоматология кафедрасы та ырып 18.


Скачать 205.77 Kb.
Названиеожа ахмет ясауи атындары халы аралы аза -Т рік университеті стоматология факультеті терапиялы Ж не ортопедиялы стоматология кафедрасы та ырып 18.
Дата26.04.2020
Размер205.77 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла18-такырып АДИСТЕМЕ ЖАНЕЛЬ.docx
ТипДокументы
#86114
Каталог

Ф-ОБ-012/062


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТЕРАПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Тақырып №18. Тіс шөгінділері, олардың жіктелуі мен құрамы. Тіс шөгінділерінің тіс жегі және пародонт патологиясының туындауы мен дамуындағы маңызы. Ауыз қуысының жеке гигиенасы.

ОРЫНДАҒАН:ТАШЕВА ЖАНЕЛЬ
4. Тақырыптың басты сұрақтары:

1. Ауыз қуысының жеке гигиенасы дегеніміз

Ауыз қуысының жеке гигиенасы – ауыз қуысының мүшелерінің жағдайына және стоматологиялық ауыршандыққа қарамастан барлық адамдар арасында жүргізілетін басты профилактикалық іс – шара, сонымен қатар адам жеке басының гигиенасының маңызды бөлімі. Ауыз қуысының гигиенасы өзінде профилактикалық этиотропты және патогенетикалық механизмдерін қамтитындықтан бағалы, өйткені гигиеналық негізгі мақсаты тіс жегі мен пародонт ауруларының негізгі этиологиялық факторы саналатын тіс қағын химико- механикалық жолмен жою болып табылады.

Ауыз қуысының тазалығы бала туылғаннан басталады сондықтан да, гигиенаның ауыз қуысында маңызды орынға ие екенін аңғару қиын емес. Балаларға ауыз қуысының гигиенасын сақтауды кішкентай кезінен үйрету қажет. Тамақтанып болғаннан кейін ауыз қуысын жылы сумен шайып қызылиектерін жұмсақ сулы дәкеменен тазалап отыру қажет. Балаларда тістерді тазалау сүт тістері шыққаннан кейін жүргізіле бастайды. Әрбір балаға ата-аналар ауыз қуысы гигиенасын сақтауды дағдылы түсіндіріп үйретулері қажет.
2. Жеке гигиена құралдарына жатады

Ауыз қуысы гигиенасы бөлінеді:

Жеке -арнайы заттар арқылы тіс беткейін тіс қақтарынан тазалау

Кәсіби -арнайы аппараттар арқылы стоматолог дәрігердің тіс қақтарын тазалау

Ауыз қуысының жеке гигиеналық күтімін жүзеге асыру үшін көптеген құралдар қолданылады. Қазіргі кездегі технологиялар, бұрын пайдаланған құралдарға қарағанда, жаңа, анағұрлым тиімді ауыз қуысының гигиеналық күтіміне арналған құралдар дайындауға мүмкіндік береді.

Ауыз қуысының жеке гигиенасының құрал заттары:

Негізгі заттар:

- тіс щеткалары;

- тіс сықпалары.

Қосымша заттар:

- тіс тазартқыштар;

- тіс жіптері (флосстар);

- тіс стимуляторлары;

- ершиктер;

- ирригаторлар;

- тілге арналған щеткалар;

- электрлік тіс щеткалары;

- сұйық заттар.

1.Тіс щеткалары

Тіс щеткасы –тістегі қалдықтар мен қақтарды алатын негізгі құралғы болып табылады.

Тіс щеткасы:

Ұстағыш бөлігі

Негізгі басынан тұрады.

Тіс щеткасы ажыратылады:

Өлшеміне қарай,

Талшықтарының құрамына байланысты,

Басының формасына қарай

Талшықтардың орналасуына

Қаттылығына қарай

Тіс және қызыл иек беткейінен тіс қағын механикалық жою тіс щеткасының көмегімен жүргізіледі. Тіс щеткасын қажетіне сай қолдана отырып, максимальды эффектілі мақсатпен ойдағы нәтижеге жету үшін щетканы таңдағанда өлшеміне, формасына, стоматологиялық және гигиеналық дәрежесіне көңіл бөлген жөн. Көп жылдар бойы табиғи талшықтардан құралған тіс щеткалары қолданылып келді, тек соңғы жылдары синтетикалық талшықтан (нейлон, сетрон, перлон, дерлон, полиуретан және т.б) жасалған тіс щеткалары жиі кездеседі.

Щетка түрі бойынша: табиғи, синтетикалық

Іске қосу әдісі бойынша: Мануальды, автоматты.

Щетканың қаттылығына байланысты:

Өте жұмсақ (d=0,15-0,18мм);

Жұмсақ (d=0,2мм-ге дейін);

Орташа қаттылық(d=0,22мм-ге дейін);

Қатты(d=0,24мм-ге дейін);

Өте қатты(d=0,26мм-ге дейін).

Жұмыс бөлігінің өлшемі бойынша:

Балаларға арналған;

Жасөспірімдерге арналған;

Ересек адамдарға арналған;

Арнайы тағайындалған.

Талшықтардың түріне қарай:

Қатты

Орташа қатты

Жұмсақ

Тағайындалуына орай:

Стандартты (гигиеналық) – тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады.

Профилактикалық (пародонтологиялық) – ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға қылы көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысы бар, қылының ортасы тереңдетілген, қылында микротекстурасы бар щеткалар жатады.

Арнайы – ортодонтияда пайдалануға арналған.

Өте қатты және қатты тіс щеткаларын дұрыс емес қолданған кезде қызыл иек пен тістің қатты тінін зақымдауы мүмкін. Орташа қатты және жұмсақ тіс щеткалары қолдануға ыңғайлы және талшықтары иілгіш, тіс аралық кеңістікке жеңіл өтеді. Тіс тазартудан ең эффектілі болып орташа қаттылықтағы щеткалар саналады, өйткені олардың талшықтары иілгіштеу; сондықтан бұндай щеткалар тісаралық аралықтарға, фиссураларға оңай еніп, қызылиектін жүлгені сапалы тазартады. Жұмсақ тіс щеткалары сүт тістерді тазартуға арналған, сонымен қатар парадонт ауруларының және ауыз қуысы шырышты қабатының қабыну аурулары бар науқасқа қолдануға кеңес беріледі (ұсынылады).

Қатты талшықты тіс щеткасын минералды және бейминералды тіс қалдықтарының пайда болуына жоғарғы тенденциясы бар науқастарға қолданған дұрыс.

Тіс щеткасының негізгі қызметінің бөлігі басы болып табылады. Ертеде көбіне үлкен басты тіс щеткалары жиі қолданылған, ал қазір кіші басты щеткалармен тісті жуу дұрыс деп есептелінеді, өйткені олар ауыз қуысында оңай қозғалып, ауыз қуысының алшақ бөлімдерін сапалы тазартады. Талшықтардың түйіндерінің арасындағы ең оптимальді ара қашықтық – 2,2 – 2,5 мм. Параллельді түйіндерді отырғызу ең ыңғайлы, әрі қарапайым болып саналады. Шетелде қолданылатын жұпты бағыттағы түйінді отырғызу (V – бейнелі) параллельді отырғызудан еш артықшылыққа ие емес.

Егер тіс щеткасының бас бөлігі екі, үш тісті қамтыса, бұл сапалы тазалыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тіс щеткасының жұмыс істеу бөлігі кіші жастағы балалар үшін (1-6 жас) -18 мм., үлкен жастағы балаларға (7 жастан жоғары) – 22 мм., жасөспірімдер үшін (9 жастан) – 23-24 мм., ал ересек адамдар үшін – 23-30 мм-ге тең болу керек.

2.Тіс сықпалары

Қазіргі таңда тіс сықпалары кеңінен таралған ауыз қуысының жеке гигиенасының заты болып табылады. Ол тіс үгітпесінің жаңартылған нәтижесі.

3 негізгі топқа бөлуге болады:

гигиеналық– тұрмыста жеке қолдануға арналған. Тісті тіс қақтарынан тазартады, ауыз қуысына жағымды иіс береді.

емдік- профилактикалық – құрамында тіс жегісіне, қабынуға қарсы, сезімталдығын төмендететің, саңырауқұлаққа, микробқа қарсы және басқа да әсерлерін қамтамасыз ететін, әр түрлі қоспалары болады..

кәсіби – емдік стоматологиялық мекемеде кәсіби қолдануға арналған.

Тіс сықпалары жұмсақ тіс қақтарын, тағам қалдықтарын жақсы тазарту қажет.Дәмі тітіркендірмейтін және ешқандай аллергиялық реакциялар бермеуі қажет.

Тіс сықпаларын тұрақты қолдануда шамамен 25-30%-ға дейін тіс жегісің дамуын,пародонт тіндерінің ауруларын 33-58%-ға дейін төмендетіп,ауыз қуысы гигиенасын 24-46%-ға жоғарылатады.

3. Тіс тазалаудың стандартты әдісі дегеніміз

Стандартты әдіс – тіс бетіне байланыссыз горизонталды, айналма қимылдар жасау.

Стандартты әдіс

Тіс қатарын бірнеше сегменттерге бөледі: молярлар, премолярлар (егер болса), алдыңғы тістер (екі жағы);

Тісті тазалау тіс қатары ашық күйінде жүргізіледі;

Щетканы тіс қатары беткейінен 45 градус етіп ұстап тазалайды;

Жоғарғы жақтың сол жағындағы тістердің ұрттық бетінен бастап тазалайды.Щеткамен 10-15 сыпырмалы(вертикальды) қозғалыстар жүргізеді, кейін басқа сегменттерге өтеді;

Келесі молярлар мен премолярлардың шайнау беткейін тазалау – шайнау беткейін 10-15 рет алға-артқа бағытталған қозғалыстар арқылы тазалау;

Төменгі жақтың тістерің тазалау да сол ретпен жүреді. 1-ші ұрттық, тілдік, сосын шайнау беткейлерін тазалайды.

Күрек тістердің таңдайлық және тілдік беткейлерін тазалау үшін щетканы тіс қатарына перпендикулярлы етіп тазалайды;

Тісті тазалау қызыл иек массажымен аяқталады. Тіс қатары жабық күйінде щеткамен солдан оңға қарай тісті және қызыл иекті қоса айналмалы қозғлыстар жүргізеді.


4. Тіс тазалаудың басқада әдістерін айтып беріңіз

Фонес әдісі – Тістердің кіреберіс беті тістер бір- біріне түйісіп тұрғанда тіс тазартқышпен айналмалы қимылмен қызылиекке тигізбей тазартады. Ауыз ашылғанда тістердің ішкі беттерін сол қимылмен окклюзиялық беттері тазартылады.

Рейте – тіс щеткасы тіске параллель орналасады. Қимылдар: қызыл иектен тіс сауытының қырына дейін, шайнау бетін артқа-алдыға қарай тазалайды.

Леонардо әдісі – тіс тазартқышты тіс бетіне перпендикулярлы бағытта орнатып қызлиектен тіс сауытына қарай қозғалтып тістерді тазартады, кейіннен тістердің шайнау беттерін тазалайды.

Басс әдісі – щетка тіске 45 градус бұрышпен орналасады. Бұл кезде тіс арасына тіс емізікшесіне кіріп тұруы керек. Щетканы қозғалтпай вибрация қимылдарын жасаймыз. Тістің шайнау бетін артқа-алдыға қарай тазалайды.

Смит-Белл әдісі- щетка қимылы шайнау кезіндегі қимылдарды қайталайды.

Чартер әдісі- пародонтит кезінде тиімді. Щетканы 45 градус бұрышта қойып, айналма, сілкіме қимылдар жасаймыз.

Стилманс әдісі- щетканы жартылай қызыл иек және тістің мойын бөліміне орналастырып, қызыл иекке басып, сәл ағарғанша, айналма қимылдар жасаймыз.


5. Ауыз қуысын тазалайтын қосымша жабдықтарға жатады

Қосымша заттар:

- тіс тазартқыштар;

- тіс жіптері (флосстар);

- тіс стимуляторлары;

- ершиктер;

- ирригаторлар;

- тілге арналған щеткалар;

- электрлік тіс щеткалары;

- сұйық заттар.

1.Тіс жіптері-тіс щеткасы тіс арасын толық тазалай алмайды, сондықтан ауыз қуысы гигиенасын жақсарту үшін флосстарды қолданған жөн.

”Оral B” комапниясы тіс жіптерінің жаңа технологиясын ойлап тапты. Сатин тіс жібі полимермен қоршалған нейлон талшықтарынан тұрады. Ол ыдырауға, үзілуге мүмкіндік бермейді.

Тістердің контактілі беттерінде тұрып қалған тіс щеткасымен алынуы қиын қақтармен тағам қалдықтарын тазалау үшін арналған.

Арнайы синтетикалық талшықтардан жасалған.

2.Тіл тазалағыш құралғылар

Тілдегі қақтарды тазалауға тісщеткасының артқы қабырғасындағы арнайы резенкелі беткеймен немесе арнайы тіл тазалауға арналған ершиктарды қолдануға болады.Тілдегі қақтарды алу ауыз қуысының гигиенасының маңызды бөлімі болып табылады.Себебі тіл беткейіндегі қақтар да ауыз қуысының ауруларын тудыруы мүмкін.

3.Электрлік тіс щеткалары:

Щетка жоғары жиілікті кері айналмалы және ырғақты қимылдармен жоғары тиімділікпен тіс қағын жақсылап тазартады. Индикатор талшықтары көк түстен ауыстыру мерзімі келген кезде түссізденеді.
6. Сағыздар жайлы не білесіз

Шығу тарихы

Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америка елінде ойлап тапқан. Өнертанушы

Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен, оны өндіруге ат салыспаған. Америка Құрама Штаттарында 100 түрлі сағыз өндіреді. Орта есеппен әрбір американдық азамат жылына 300-ден астам сағыз пайдаланады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ол әлем бойынша таралады.

Сағыздың зияны

Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

Сағыз шайнағанда пайда болатын аурулар:

Тері аурулары

Асқазан аурулары

Стоматологиялық аурулар

Ауызда бактериялар туғызады

Онкологиялық аурулар

Есте сақтау керек:

Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды.

Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.

Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды шайып жіберіңіз.

Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!

Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.

Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз.

Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады.

Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді.

Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен.
Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды «аттандырып» отырған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар тола бастаған. Ал 48 адам асқазанында гастрит және т.б. түрлі аурулар анықталған.

Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті тұрмыстағы қантқа қарағанда, аспартам май қабаттарын 40 пайызға көбейтеді. Сондықтан күніне сағыздың бір данасын ғана шайнауға немесе сағыздан мүлде бас тартуға кеңес береді.

Пайдасы:

Сағыз шайнау пайдалы жаттығу. Ол адамның ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысын тудырады. Сағыз шайнау барысында сілекей көп бөлінеді және ол 30 %-ға күшейе түседі. Ол асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек.

Одан қала берді, тілдің де таза болуы үшін керемет пайдалы. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау, асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.

Егер түскі астан кейін он минуттай сағыз шайнасаңыз, бассүйекте орналасқан ағзаларға да оң әсерін тигізеді. Әсіресе, миға баратын қан тамырлардағы қанның жұмысын жеңілдетеді.

Ал, көлікте немесе пойызда болсаңыз құлағыңызға түсетін салмақты азайтады. Тістің сау күйінде сақталуы үшін құрамында қант жоқ сағыздарды пайдаланған жөн.

Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді

Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді.

Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады

Қант қосылмаған сағыз

Сағыздың профилактикалық әсері, ең алдымен, сілекейдің бөлінуін жүзеге асыруға негізделген, бұл қанттың ауыз қуысынан жылдам шығуына және сілекейде рН көбеюіне, сондай-ақ тіс реминерализациясы процесін белсендендіруге көмектеседі. Ал ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан механикалық тазалауды сағыз толығымен жүзеге асыра алмайды, себебі тіс арасындағы және қызыл иек қуыстарындағы қақты тек тіс щеткасы мен жібінің көмегімен ғана жоюға болады. Сол себепті қанты жоқ сағызды шайнау – тіс щеткалары, тіс жіптері, ауыз қуысына арналған шайғыштар, негізінен қатты тағамды пайдалану және тіс дәрігеріне жиі қаралу сияқты гигиеналық процедуралардан тұратын тұтас кешеннің тек (ішіндегі маңызды) бөлігі ғана.

Қанты бар сағыз бен қанты жоқ сағыздың айырмашылығы:

Қанты жоқ сағыздың ерекшелігі оның құрамында тісті зақымдамайтын және қызыл иекке оң әсер ететін қышқылдан бастап ауыз қуысының микроорганизмдері түгелдей сіңірілетін қант алмастырғыштар бар екендігінде. Оның үстіне, қант алмастырғыштар қатары ең алдымен микробқа қарсы әсер есебінен қызыл иектің төмен түсуіне қарсы қасиетке ие. Сол себепті қанты жоқ Орбит сағызы профилактикалық болып табылады және оны пайдалану тісжегі ауруы қаупінің төмендеуіне әкеледі.

Ересектер сағызы мен балалар сағызының арасында қандай айырмашылық бар?

Құрамы жағынан балалар және ересектер сағызының айырмашылығы жоқ. Балалар сағызының ерекшелігі балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де жағымды дәм қоспасында. Ересектер сағызын да, балалар сағызын да екі топтың мүшелеріне пайдалануға болады. Қанты жоқ Орбит сияқты сағыздардың стоматологиялық әсері сіз балалар сағызын немесе ересектер сағызын пайдаланғаныңызға еш тәуелсіз өзгермей қала береді.

Біз сағызды 4 жасқа толмаған балаларға бермеуді ұсынамыз, себебі олардың шайнау мен жұтуды бақылайтын рефлекстері әлі дамымаған. Қанты жоқ сағыз фенилкетонуриямен (зат алмасудың дұрыс жүрмеуімен байланысты сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру) ауыратындарға қарсы көрсетілген, себебі оның құрамында аспартам деген қарқынды тәттілеуіш бар. Бұл зат көптеген табиғи өнімдердің құрамында бар – мысалы, алмұртта сағызға қарағанда ол 5 есе көп.

Егер мен сағызды тосыннан жұтып қойсам не болады?

Әрине, сағыз жұтуға арналмағандығы белгілі. Алайда егер сіз оны тосыннан жұтып қойсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. Сағыздың еритін ингредиенттері (тәттілеуіштер немесе хошиістендіргіштер сияқты) ағзаға қалдықсыз сіңіріледі. Сағыздың ерімейтін негізі ас қорыту жолында өзгеріске ұшырамайды және тік ішек арқылы сыртқа шығады (ең көбі – 2 күннен кейін).

Сағыздың жабысқан бөлігін алудың бірнеше тәсілдері бар. Егер өсімдік майы тазартайын деген затты зақымдамаса, онда сағызды осымен жібітіп, жұмсартып көру керек (бұл тәсілді сағыз шашқа жабысып қалған жағдайда да қолдануға болады). Тағы бір тәсіл - сағыз жабысып қалған затты тоңазытқышыңыздың мұздатқышына бірнеше сағатқа салып қоюға болады. Мұздатылған сағызды жабысқан заттан алып тастау анағұрлым оңай болады.


7. Ауызды шаюдың маңызын түсіндіріңіз

Шайғыштарды күніне екі рет 30 секундтан қолдану керек.Тұрақты түрде шайғыштарды қолданғанда тістер мен ауыз қуысының шырышты қабатының қосымша тазалануы жүреді.Шайғыштарды қолданған кезде қақтар мен бактериялардың 90%-ы жойылады.

Ауызды шаюға арналған заттар:

Advantage TM ‘tooth and cum care ’ құрамына цетипиридті хлорид және натрий фториді бар бұл препарат парадонт және тіс жегі ауруларының профилактикасы.

Corsodyl- құрамында хлоргексидин глюконаты бар ауыз шаюға арналған препарат. Пародонт ауруының асқынуы кезінде қолданылады.

Элюдрил- құрамына хлоргексидин, хлороформ кіреді. , қабынуға қарсы, жансыздандырғыш әсер етеді.

перейти в каталог файлов


связь с админом