Главная страница
qrcode

Терапиялы ж не ортопедиялы стоматология кафедрасы бекітемін Стоматология факультетіні деканы, доцент м а


НазваниеТерапиялы ж не ортопедиялы стоматология кафедрасы бекітемін Стоматология факультетіні деканы, доцент м а
Дата01.06.2020
Размер408 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаort. stom. prop. kaz.doc
ТипДокументы
#87961
страница1 из 4
Каталог
  1   2   3   4

Ф-ОБ-012/060


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРlК

УНИВЕРСИТЕТl
Стоматология факультетi

«Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

Стоматология факультетінің

деканы, доцент м.а.

_________У.Б.Татыкаева

«___» __________2019жыл

Силлабус
Пәнi аты: «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»

Пән коды: В54.132

Мамандығы: 5В130200 - «Стоматология»

Оқу сағатының көлемі : 14 – 420

Дәріс: 0,5 - 15

Тәжірибелік сабақ: 4.0-120

БОӨЖ: 4.5-135

БӨЖ: 3.75-113

Білімді бағалау 1.25-37

Курс: 4

Семестр: 7-8
Емтихан: 7-8





Түркістан-2019 ж.

Силлабус «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы» пәні бойынша №651 5.11.2009ж.КР ДСМ бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған жұмыс бағдарлама негізінде және университет Сенатымен (хаттама №6, 25.01.2019 ж.) бекітілген негізгі оқу-жоспары негізінде ҚР ДСМ (№11 хаттама, 14.06.2007 ж.) «Медицина және фармацевтік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу» бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сай жасалған.

Силлабус «Стоматология факультеті» Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №__ «__» _______2019 жыл.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _________ М.Ә.Искендиров
Стоматология факультетінің академиялық кеңесінде қаралған және мақұлданған
Хаттама № ___ «__» _______2019 жыл.
Стоматология факультетінің

академиялық кеңесінің төрайымы А.Ж.Еримова

Оқытушылар туралы мәлімет
1. Искендиров Мухтар Амзебекұлы, м.ғ.к., доцент м.а., кафедра меңгерушісі.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: болашақ дәрігерлердің стоматологиялық клиникалық білімін жетілдіру проблемалары. 40 тан астам статьялар шығарған, 1 оқу құралы, 7 дана оқу –әдістемелік құралдар жазылған. КСА кадр дайындаудағы еңбектері үшін күміс төс белгісімен марапатталған.
Пән оқытушысы туралы мәлімет: Ахмедова Атиргуль Нурмахановна Ташкент

қаласындағы Мемлекеттік мидицина институтын 1981- 1986 жылдар аралығында бітірді.

1986-1990 жылдары Шыршық қаласындағы қалалық емханада дәрігер стоматолог болып жұмыс жасады. 1990-1994 жылдары Шыршық қаласындағы № 1 Балалар жасындағы стоматология емханасында балалар стоматолог дәрігері ретінде жұмыс жасады. 1994-2004 жылдары Шыршық қаласындағы ЭлектроХимПром заводына қарасты саноторияда дәрігер стоматолог врач болып жұмыс жасады. 2003 жылы ЭлектроХимПром заводының

50 жылдығына байланысты өткізілген жиналыста «Қызмет көрсеткен дәрігер» мақтау қағазымен марапатталды және еңбек дәптершесіне енгізілді.

2004-2016 жылдар Шымкент қаласында дәрігер стоматолог болып жұмыс жасады. 2009 жылы «Дантис» клиниксының стоматологтар күніне арналган байгесінде «Лучшы стоматолог» мақтау қағазымен марапатталды. 2012 жылы Шымкент қаласында өткізілген «Лучшый стоматолог Южного Казахстана» байгесіне қатысып жүлделі орын иеленді.

2016- жылдан Түркістан қаласындағы ХҚТУ құрамында оқытушы болып қызмет жасайды. 2017 жылы «Тіс протездерін дайындау технологиясы» пәнінен оқу әдістемелік құрал жазып шығарылды, 170 бет. Түркістан қаласы. 2018 жылы май айында өткізілген стоматологтар конфиренциясына «Аноболитикалық стероитты препараттардың стоматологияда қолданылуы» атты мақала жазды.
Байланыс ақпараты: ОҚО, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29, №2 медицина ғимараты, стоматология факультеті, 3 қабат, ауд. 326а-330. Телефон: 877115311702, atirgul.akhmedova@ayu.edu.kz
1.2. Пәннің саясаты

Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2019-2020 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (әлектронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Кафедраның қызметі сапалы білімді арттыру үшін жағдай жасауға, оптимальды шығындану кезінде сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз етудің арқасында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыздандыру, білім қызмет сапасын жақсарту үдірісіне қызметкерлердің барлығын қатыстыру, студенттердің шығармашылық белсенділігін мотивациялау, білім алу үшін қажетті жағдайды жасау, білім беру процессіне инновациялы технологияларды ендіруге бағытталған пәнді өту үшін өзімен бірге

Медициналық халат, қалпақ, маска, санитарлық кітапша, сурет салу үшін альбом, планшеткалар болу керек.

Себепсіз сабақ жібермеу керек және кешікпеу керек. 1-2 сабаққа келмеген студент оқытушының рұқсатымен сабаққа кіреді, 3 сабаққа келмесе кафедра меңгерушісінің рұқсатымен сабаққа кіреді, ал егер 3 сабақтан көп болған жағдайда деканаттың рұқсат қағазымен сабаққа кіреді.

өз уақытында, кесте бойынша БӨЖ-ді орындап тапсыру керек, сонымен бірге кафедра мүліктеріне ұқыпты қарау керек.

Ереже бойынша қауіпсіздік техникасын сақтау керек


2.1. Кіріспе.

Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы – стоматология факультеті студенттерінің машықтарының кәсіби білімі мен іскерлігінің алғашқы іргетасы қаланатын тарауы, дәрігер-стоматологтың жұмыста жетістікке жетуінің негізі болатын мамандық бойынша оқытудың оң мотивациясы жасалады.

Бұл пән болашақ мамандарды ортапедиялық стоматология клиникасын ұйымдастыру және жабдықтамен таныстыру мәселелеріне, науқасты тексерудің (диагностика) жалпы және арнайы әдістеріне, табылған ауру белгілерін бағалауға (симптомалогия немесе семиотика), тістің және тіс қатарларының қатты тіндерінің этиологиясын, клиникасын, диагностикасын, ақауларын бағалауға, емнің ортопедиялық әдістеріне бағыттайды.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.

Білім алу

деңгейі

Рөлдермен берілген компетенциялар

Салыстырмалы үлестірілімі

Б1.

Б1.1.

ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІ (1)

БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналык емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ілімдерді тәжірибе жүзінде қолданады.

0,2

Б2.

Б2.1.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)

КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағадыларды меңгергендігін көрсете алады.

0,2

Б2.

Б2.2.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)

НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың шағымын жинактау, физикальды зерттеу жургізу, анамнез жинактау, зерттеу жоспарға тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, дифференциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып емнің тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі.

0,4

Б2.

Б2.3

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді.

0,2

2.2 Пәннің мақсаты.
Студенттерде тістің қатты тіндерін зақымданған, тіс қатарларының ақауы бар, пародонт аурулары бар және тістері түгел түсіп қалған пациентке көмек көрсету үшін ортопедиялық стоматология негіздері бойынша білім мен практикалық машықтар қалыптастыру.
2.3. Оқыту мақсаттары

ортопедиялық стоматология клиникасының жұмысы және ұйымдастыру принциптері туралы білім қалыптастыру;

- дәрігерлік деонтология, семиология, диагностика, тістің қатты тіндерінде патологиясыбар, тіс қатарларының ақауы бар, пародонты ауыратын және тістері мүлде жоқ пациентгерді тексеру негіздері туралы ұғым қалыптастыру;

- емдік ортопедиялық құралдардың алынбайтын, алмалы-салмалы және

шендейтін конструкцияларын дайындаудың клиникалық кезеңдерін өткізу

әдістемесі туралы білім беру мен практикалық машықтар қалыптастыру;

- дәрігср-стоматолог ортопедтің негізгі кәсіби манулдық машықтарына үйрету

(фантомда).
2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.


Білім алу денгейі

Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Пәнді окудың соңғы нәтижелері (багалау әдісі)

Б.1. Б.1.1

Ғалым, зерттеуші (1)

Білімін қолдану

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: Ортопедиялык стоматология пропедевтикасы және тіс протездерін дайындау атты пәндерден алган білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдікпен орындайды: Әдеби деректерді дұрыс пайдалана отырып, компьютерлік технологияларын колданьш, әр түрлі презентацияларды дәлдікпен орындайды.

Қарым-катынас/мінез-қулық (аффективті) домені: Құндылыі ыи үйлестіреді: оқу барысында қабылдаған мәліметтердің құндылығын үйлестіреді.

Б.2 Б.2.1.

Дәрігер- клиницист. (1)

Коммуникативті дағдылар

Білім (когнитивті) домені:

Есте сактайды: стоматологиялык кабылдауда келген

науқастардың психо-эмоционалдық жағдайының

түрін анықтап білуді есте сактайды.

Түсінеді: психология-физиологиялық ерекшеліктерін

түсінеді.

Қолданады: медициналық этика және деонтологиядан

алған білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдікпен орындайды: науқаспен, оның

туыстарымен, әріптестер мен жалпы басқа да медицина

қызметкерлермен сенімді қарымы-қатынас орнатуды

дәлдікпен орындайды.

Қарым-катынас / мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылыгын үйлестіреді: науқастармен жұмыс жасау барысында коммуникативті дағдыларды меңгерудің құндылығын үйлестіреді.

Б.2 Б.2.2.

Дәрігер-клиницист.(1)

Науқастармен жүргізу.

Білім (когнитивті) домені:

Есте сактайды: ортопедиялык стоматология пәнін негізге ала отырып науқастарды зерттеуде және тексеруде, аурулардың түрлері мен өзінің кызметі саласындағы құрал-жабдыктар мен санитарлык, гигиеналык ережелерді, тіс қатарының, тіссіз жақтарды.протез сызығының сілекейлі аймағының ақауларынның жіктемесін, тіссіз жактарға протездерді бекіту және тұрақтандыру механизмін есте сактайды. Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдікпен орындайды: науқастың шағымын сұрастыруды,анамнез жинауды, диагноз қоюды, зерттеу және емдеу жоспарын тағайындауды дәлдікпен орындайды.

Қарым-катынас / мінез-кұлык (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады:

жасаған іс-әрекетінің құндылығын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Б.2 Б.2.3.

Дәрігер-клиницист. (1)

Медициналық процедуралар

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: негізгі және қосымша материалдардың, винирлердің, штифті тістердің түрлі қаптамалардың конструкциясын, көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді, дайындаудың клиникалык-зертханалык кезеңдерін, қолдануға көрсеткіштерін, олармен жұмыс жасау әдістерін жүргізу кезінде алған білімін қолданады. Дагдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдікпен орындайды: күрделі емес көпір тәрізді және пластинкалык протездерді жасауды, параллелометрияны жүзеге асыруды, тірек-ұстаушы кламмердің конструкциясын таңдауды, фантомда жұмыс істеуді , жеке қасықтар жасауды бұлжытпай дәлдікпен орындайды

Қарым-катынас / мінез-күлык (аффективті) домені: Қүндылыгын ұлестіреді:

науқастармен жұмыс жасау барысында медициналық процедураларды меңгеріп, кұндылығын үйлестіреді.


Студент білуі және істей алуы тиіс:
Студент білуі тиісті:

- емхана бөлмесінде және лабораторияда қауіпсіздік ережесін сақтау

- медициналық құжаттардың түрлерін білу

- пациентермен сұхбат

- ортопед -дәрігер қолданылатын құрал-саймандарды комплекте жинау

- қол жуу ережесін теория жөнінде білу

Істей алуы тиісті:

- пациентпен сұхбатаса отырып субъектив анамнез жинау

- пациентпен сұхбатаса отырып объективті анамнез жинау

- пациентпен сұхбатаса отырып медициналық құжаттарды толтыру

- эргономика ережелерін қолдан отырып пациенті қабылдау

- пациентерді қабылдаудан алдын, қол жуу ережесін толық орындау

2.5. Алдынғы реквизитті пәндер: патологиялық физиология, анатомия, жалпы хирургия, тіс протездерін дайындау технологиясы.

2.6. Кейінгі реквизитті пәндер: ортопедиялық стоматология, терапиялық стоматология, балалар жсындағы стоматологиясы, хирургиялық стоматология.

Пәннің қосымшы мазмұны:

Ортопедиялық стоматология ауыз қуысының шайнау қызметін қалпына келтіру яғни алынатын-алынбайтын протездер жасау. Протездің түрлері оның техникалық жасалу тәсілдері.
  1   2   3   4

перейти в каталог файлов


связь с админом